Досболаев Мерлан Қылышұлы 1982 жылдың 1 қаңтарында БҚО, Қаратөбе ауданы, Саралжын селосында (қазір Мұхит ауылы) дүниеге келген. 1988-1999 жылдары Б. Қаратаев атындағы Саралжын орта жалпы білім беретін мектебінде білім алды. 2000-2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде радиофизика және электроника мамандығы бойынша жоғары білім алды. Университет тәмәмдаған сәттен бастап әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институтына инженер болып жұмысқа алынып, қазіргі таңда жетекші ғылыми қызметкер міндетінде жұмыс істейді. 2009 жылы плазма физикасы бөлімі бойынша «Тұрақты токты солғын разрядтағы плазмалы тозаңды құрылымдардың қасиеттерін экспериментте зерттеу» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Досболаев М.Қ.-ның ғылыми қызығушылығы – қазіргі таңда плазма физикасының кең ауқымды және жаңа саласы болып табылатын тозаңды плазма физикасы. Заттың тозаңды плазмалық күйі табиғатта – космос кеңістігінде өте кең тараған. Ол тозаңды плазманың іргелі қасиеттерімен қатар, оның мүмкін болатын технологиялық аспектілерімен де айналысады. Оның тікелей басқаруымен солғын және жоғары жиілікті газдық разряд негізінде плазмалы тозаңды құрылымдардың қасиеттерін зерттеу мақсатында эксперименттік қондырғылар құрастырылып іске қосылды. Сонымен қатар, Досболаев және оның командасымен жасақталған импульсті плазмалық үдеткіште басқарылмалы термоядролық энергетикалық реакторларда болатын процестерді модельдеуге арналған экспериментте сәтті орындалуда. Осы бағытта орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері 160-қа тарта ғылыми мақала түрінде республикалық және шетел журналдарында жарық көрген және 6 инновациялық патент алынды. Досболаев М.Қ. Мемлекеттік сыйлықтың иегері (2015). ЖОО үздік оқытушысы грантының иегері (2015). Дарынды жас ғалымдарға арналған ҚР Мемлекеттік стипендиясының үш мәрте иегері (2008, 2010, 2013). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Үздік жас ғалымы» дипломының иегері (2014). «Ғылым көшбасшысы» тәуелсіз сыйлығының иегері (2016). Досболаев М.Қ. жетекшілк ететін «Плазма физикасы мен технологиясының таңдамалы сұрақтары» атты үйірмесінің студенттері жасақтаған бірнеше иновациялық жобалар түрлі көрмелерге қатысып жүлделі орындарға ие болды. Досболаев М.Қ. 2008 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінде оқытушылық қызмет атқарады. Бүгінгі таңда осы университетің плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының доценті. Физика-техникалық факультетінің студенттеріне «Электр және магнетизм», «Газдық разряд физикасы», «Плазма физикасы және диагностикасы», «Вакуум физикасы және техникасы», «Электрмен жабдықтау», «Электр машиналары» және «Өндірістік электроника» пәндері бойынша дәріс оқиды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
23.11.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
16.05.2016 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
---|---|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы |
Электр және магнетизм
"Қазақ университеті" 2014 - г. ISBN 978-601-04-0894-4 138 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Плазманы зерттеу әдістері
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3276-5 73 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Утегенов А.У., Тәжен Ә.Б.
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-4590-1 77 - стр. ҚАЗАҚСТАН
68
құжаттар
12